02 Шілде, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №552

277 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
  2015 жылғы 30 сәуір, Астана қаласы Ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының салдарынан мүгедектік белгіленген кезде, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда бiржолғы өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы «Ғарыш қызметi туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса берiлiп отырған Ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының салдарынан мүгедектік белгіленген кезде, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, бiржолғы өтемақы төлеу қағидалары бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Т.А. Мұсабаев) заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналасуын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынылуын қамтамасыз етсiн. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсiн. 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. ИСЕКЕШЕВ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі _______________Т. Дүйсенова 2015 жылғы « »___________ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі _______________Б. Сұлтанов 2015 жылғы « »___________ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі 2015 жылғы 30 сәуірдегі №552 бұйрығымен бекітілген Ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының салдарынан мүгедектік белгіленген кезде, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидалары 1. Жалпы ереже 1. Осы Ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының салдарынан болған мүгедектік белгіленген кезде, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ғарыш қызметі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының салдарынан мүгедектік белгіленген кезде, сондай - ақ ол қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда бiржолғы өтемақы төлеу тәртiбiн айқындайды. 2. Ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының салдарынан мүгедектік белгіленген кезде, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда біржолғы өтемақы төлеу тәртібі 2. Бiржолғы өтемақы төлеу: 1) ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда - оның мұрагерлеріне; 2) ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер қызметтiк мiндеттерiн атқарған кезде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының салдарынан мүгедектік белгіленген кезде тиісті ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге жүргізіледі. 3. Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің қаза табу (қайтыс болу), сондай-ақ олардың алған жарақатының, мертігуінің, ауруының мән-жайларын тексеру 2007 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес жүргiзiледi. 4. Жазатайым оқиғаны тергеу жөнiндегi комиссия ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер қызметтiк мiндеттерiн атқаруға байланысты қаза табу (қайтыс болу) фактілерін растайтын қорытынды, сондай-ақ қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде алған жарақатының, мертiгуінің, ауруының салдарына байланысты мүгедектік белгілеу туралы қоры­тынды енгізілген сәттен бастап, онымен еңбек қатынастарында тұратын (тұрған) жұмыс беруші осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бiржолғы өтемақы төлеуге ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) өтiнiш беру мүмкіндігі туралы бiржолғы өтемақы алуға құқығы бар тұлғаларды (бұдан әрі – алушы) осы Қағидалардың 2-тармағына сәйкес күнтiзбелiк жеті күн iшiнде жазбаша хабардар етедi. 5. Бiржолғы өтемақы алу үшін ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер немесе оны алуға құқығы бар тұлғалар уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады: 1) ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда: осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш; жазатайым оқиғаны тексеру жөнiндегi комиссия қорытындысының көшiрмесi; қайтыс болу туралы куәлiгiнің нотариат растаған көшiрмесi; біржолғы өтемақы алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi; төлемге жүгінүші қаза тапқанның (қайтыс болғанның) мұрагері болып табылса, мұрагерлiкке құқығы туралы куәлiк; 2) ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жарақатының, мертiгуінің, ауруының салдарынан мүгедектік белгілеуге әкелген: осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш; қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде алынған жарақатының, мертігуінің, ауруының себертеріне байланысты белгіленген мүгедектік туралы жазатайым оқиғаны тексеру жөнiндегi комиссия қорытындысының көшiрмесi; медициналық қорытындының көшірмесі; мүгедектік туралы анықтама көшірмесі. 6. Бiржолғы өтемақы алуға құқығы бар тұлғалар өтемақы төлеу туралы өтiнiш берген кезде уәкілетті орган осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетiлген құжаттардың толықтығы мен ресiмделуiнiң дұрыстығын тексередi және өтінішті осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бiржолғы өтемақы төлеуге арналған өтiнiштердi тiркеу журналына тiркейдi. Талап етiлетін құжаттар толық ұсынылмаған немесе олар дұрыс ресiмделмеген жағдайда, қайтару себептерi көрсетiлiп, құжаттарды ұсынған күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде өтiнiш берушiге қайтарылады. 7. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды тіркей отырып, тіркелген күнінен бастап жеті жұмыс күн ішінде біржолғы өтемақы төлеу туралы шешім шығарады. 8. Алушыға бiржолғы өтемақы төлеудi уәкілетті орган 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне сәйкес тәртіппен бюджет қаражаты есебінен алушының Қазақстан Республикасының шегіндегі екінші деңгейдегі банктегі жеке шотына аудару арқылы өтініш беруші тиісті құжаттарды ұсынған сәттен бастап үш ай iшiнде жүзеге асырады. Ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының салдарынан мүгедектік белгіленген кезде, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда бiржолғы өтемақы төлеу қағидаларына 1-қосымша Нысан Кiмге___________________________________________________________________________________________ (Ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті орган басшысының Т.А.Ә.А.) мекенжайы _______________бойынша тұратын_______________________(өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты)өтiнiш иесiнiң ЖСН ______________________ Бiржолғы өтемақы төлеуге өтiнiш Сiзден________________________________________________________________________________________ (залалды өтеу үшiн негiздеме көрсетiледi) _____________________________________________ байланысты маған бiржолғы өтемақы төлеуiңiздi сұраймын. Маған тиесiлi соманы _____________________________________________________________________________ (банктiң атауы, банктің БСК-сы, алушының жеке шотының нөмiрi немесе байланыс бөлiмшесi арқылы аударған жағдайданың мекенжайы көрсетiледi) ________________________________________________________________________аударуыңызды сұраймын. Өтiнiшке мынадай құжаттарды қоса берiп отырмын: 1. 2. 3. 4. 5. 20 жылғы « » ________ ___________ (өтiнiш берушiнiң қолы) Ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының салдарынан мүгедектік белгіленген кезде, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда бiржолғы өтемақы төлеу қағидаларына 2-қосымша Бiржолғы өтемақы төлеуге арналған өтiнiштердi тiркеу журналы р/н Өтiнiштің тіркелген күні Мертiккен, қаза тапқан ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің Т.А.Ә.А. және оның мекенжайы Бiржолғы өтемақы алу­шы­ның Т.А.Ә.А. және оның мекенжайы Бiржолғы өтемақы төлеу үшiн негiздеме Қарау нәтижесi Бiржолғы өтемақының сомасы Төлем құжатының нөмiрi мен күнi Бас тарту себебi 1 2 3 4 5 6 7 8 Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 31 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11805 болып енгізілді.
Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше